15:53, 01 Қараша 2018 | GMT +6
Қостанайда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты, жүргізуші қаза болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жол-көлік апаты салдарынан 22 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 1 қараша күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қостанай қаласындағы Киевский көшесінде болған.
«ВАЗ-2114» автокөлігінің 22 жастағы жүргізуші 29 жастағы азамат тізгіндеген КамАЗ-бен соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.