Қостанайда ЖКО салдарынан жүргізуші автокөлікте жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қостанай-Рудный жолының 40-шы шақырымында екі көліктің соғылуынан өрт тұтанды, салдарынан жүргізуші жанып кетті. Тағы екі адам түрлі жарақат алды.

Қостанайда ЖКО салдарынан жүргізуші автокөлікте жанып кетті

Hyundai Elantra және Lexus RX-350 автокөліктері Рудный қаласының маңындағы жолда соғылған. ҚазАқпараттың дерек көзі, Hyundai Elantra жүргузішісі көлікке ие бола алмаса керек, деп хабарлады.

«Лексуспен» соғылғаннан кейін машина жолдың жиегіне ұшып, өртенген. Қостанай облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметі автокөліктің тұтастай жанып кеткенін, денесі түгел күйген жүргізушінің мәйіті автокөлік астынан табылғанын хабарлады.

ҚазАқпарат тілшісі қаза болған жігіттің 22 жастағы Рудный тұрғыны екенін анықтады. Қаза болған адамның кім екені нақты анықталған жоқ. «Лексус» жүргізушісі мен оның жолаушылары рудный қаласының ауруханасына жатқызылды.