Қостанайда жол апатына ұшыраған полицейлердің видеосы желіге тарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 13:00 шамасында Қостанайда полицейлер жол-көлік оқиғасына тап болды. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Жол апаты қаланың Набережная және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған. Полиция қызметкерлерінің «УАЗ» автомашинасы «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып кеткен.
Хабарларға қарағанда, полиция машинасы Әл-Фараби даңғылымен келе жатқанда Набережная көшесінен шыққан «ВАЗ-бен» соқтығысқан.
Видеодан аударылған автомобильді адамдар тұрғызғаны көрінеді.