19:34, 29 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қостанайда жол апатынан 2 адам көз жұмды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Денисов-Жітіқара тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ВАЗ-2107» автокөлігін басқарған Денисов ауданының 43 жастағы тұрғыны жолдың қарсы бағытында келе жатқан «Лада-Приора» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.