Қостанайда жол апатының куəгерлері іздестіріліп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының куəгерлерін іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жол апаты 31 қазан күні сағат 20:00-дер шамасында болған.

«Қобыланды батыр даңғылы бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан «Mitsubishi» көлігі әйел адамды қағып кеткен. Көлік рөлінде 54 жастағы ер адам отырды. Әйел оқиға орнында мерт болды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған факт бойында қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай полициясы оқиға куəгерлерін іздестіруде.

Аталған жол апатын көрсеңіз, мына телефондарға хабарласыңыздар: 87142526336, 87773307872 жəне 102.

Соңғы жаңалықтар