Қостанайда Жол картасы жобалары бойынша барлық конкурстық рәсімдер мамырдың аяғына дейін жүргізіледі

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жол картасын үйлестіру және мониторингі жөніндегі Қостанай облыстық комиссиясы инвестициялық бағыттағы жобалар бойынша барлық конкурстық рәсімдер ағымдағы айдың ішінде аяқталатынын мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстердің төрағалығымен өткен отырыста Жол Картасы инвестициялық бағыттары жобалары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу барысы қаралды. Комиссияға қатысушылар мамыр айының аяғына дейін барлық конкурстарды өткізіп қана қоймай, мердігерлермен шарттар жасасуды аяқтау қажет деп шешті. Отырыста Жол картасы бағыттары үшін кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша әзірлік жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Кәсіби даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын кәсіптік оқу орындары, кәсіптер мен мамандықтар тізімі анықталды. Бүгінде оқу топтарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Оқулар ағымдағы жылғы маусымның 1-інде басталмақ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру органдары бөлімдерінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді. 2009 жылы мамандарды қажетсінетін кәсіпорындар туралы базалық ақпарат оқу орындарына жіберілді. Жоғары оқу орындары түлектерімен бірнеше кездесулер өткізілді. Арнайы бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Осындай жәрмеңкелердің бірі жақында Қостанай мемлекеттік университетінде өтті.
Соңғы жаңалықтар