Қостанайда жол-көлік оқиғасында екі адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай - Мамлют» тасжолында «КiaCarens» жеңіл автокөлігі «КамАз» жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«Бүгін «Қостанай - Мамлют» тасжолының 77 шақырымында «Кia Carens» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол уақытта «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан соң жеңіл автокөлік жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушы көз жұмды», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар