Қостанайда жолақы 100 теңгеге дейін қымбаттайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ақпан айынан бастап Қостанайда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасовқа сілтеме жасап.
None
None

Бөлім жетекшісінің сөзінше, бұл мәселе былтырдан бері қозғалып келе жатыр.

«Заң бойынша, жанар-жағармай бағасы мен құрылыс бөлшектері 25%-ға қымбаттаса, тасымалдаушылар жергілікті атқарушы органдарға тариф құнын өсіру туралы өтініш бере алады. Аталған мәселені қарау құзыреті қала мәслихатына тиесілі. Қолданыстағы заңға сәйкес, өтініш бір ай ішінде қаралуға тиіс. Мәслихат мақұлдаса, ақпан айында автобус жолақысы 100 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл - автобус парктері басшыларының қойған төменгі бағасы», - деді Тарасов.

Айта кетейік, тасымалдаушылар қала сыртына шығатын қоғамдық көліктер тарифін 150 теңгеге дейін қымбаттатуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар