09:24, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Қостанайда жолаушылар мінген автобус өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Астанаға бағыт алған қалааралық жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды «Наша газета».

Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдай 2 шілде күні сағат 23.30-да Новонежинка кенті маңында болған. Оқиғадан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекпеген.
Автобус Лисаковск - Астана бағытымен жолға шыққан. Өрттің шығуына көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.