Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан соң, жеңіл көлік арыққа құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы 1-қазан күні Қайырбеков көшесіндегі «Запой» дәмханасының маңында болды.

Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан соң, жеңіл көлік арыққа құлады

«Лада Приора» жеңіл көлігі «Газ» маркілі жүк көлігімен соғысып, жанындағы коммуналдық қызмет өкілдері қазған траншеяға түсіп кетті. Бұл туралы оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде хабарлады.

Суреттерге қарағанда, жүк көлігі қазылған траншеяның шетінде тұрып қалған, сонымен қатар оның кузовының алдына зақым келген.

Әлеуметтік желі пайдаланушылар жол-көлік оқиғасының орын алуына «Лада» көлігінің жүргізушісін кінәлап отыр. Өйткені ол жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.

Куәгерлер траншея аймағына қандай да бір белгілердің қойылмауына ашулы.

Алайда, осы оқиғадан соң коммуналдық сала қызметкерлері жағдайды реттеді. Арнайы техниканың көмегімен траншеяға түсіп кеткен көлікті алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.