Қостанайда жұмыс істеген заңсыз казино анықталып, қаржысы тіркіленді
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қостанай қаласындағы бұрынғы «Астория» мейрамханасында заңсыз жұмыс істеген казино анықталды.
Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заңсыз ойын-сауық орнынан 2700 АҚШ доллары, 20 мың ресей рублі және 225 мың теңге тәркіленді. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.