Қостанайда жұмыс орындарын ашу қарқыны рекордтық көрсеткішке жетті

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында жыл басынан бері 2992 жұмыс орны ашылды,

Қостанайда жұмыс орындарын ашу қарқыны рекордтық көрсеткішке жетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша ашылған барлық жұмыс орындарының 1246-сы тұрақты және 1746-сы уақытша сипатта. Жұмыс орындарын ашу қарқыны өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 143 пайызға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Облыста пайда болған 1246 тұрақты жұмыс орнының жартысына жуығы шағын бизнес саласында құрылды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Нағима Бижанованың ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері облыстың жұмыспен қамту қызметіне жұмыс берушілерден бос орындар туралы 2702 өтінім түскен. 2033 жұмыссыз жан еңбекке орналастырылды. Олардың ішінде 1903 адам әлеуметтік жағынан әлжуаз жіктердің өкілдері, әлеуметтік жұмыстарға 304 адам тартылды.