Қостанайда жүргізушілерді жасырын патрульдеу басталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда жүргізушілерді жасырын патрульдеу басталды

ІІМ мәліметінше, патрульдеудің жаңа әдісі жол қозғалысы ережелерінің басқа да өрескел бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қызметтік автокөліктердегі жол қауіпсіздігін бақылайтын қызметкерлер құқық бұзушылықты арнайы құрылғыға тіркейді, содан кейін ақпарат жақын маңдағы патрульге беріледі.

»Жасырын патрульдеудің негізгі міндеті көлік ағынында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау болып табылады. Бұл тәртіпте жұмыс фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жерлерде көмектеседі», - деді Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов.

Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 67 ЖКО орын алды. Оның 50%-нан астамы жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты.