Қостанайдағы арнайы орталықта 16 жастағы қызды үтікпен күйдірген
АСТАНА. KAZINFORM — Полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

16 жастағы жасөспірімнің жанжал кезінде ыстық үтікпен күйдірілгені белгілі болды. Аталған іске мекеме тәрбиешілерінің бірінің қатысы бар болуы мүмкін. Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
— Полиция Қостанайдағы дамуында ауытқуы бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер орталығында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-пункті бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын, оның себептері мен құқықбұзушылық жасауға не итермелегенін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген тәртіп сақшылары таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Сарыағашта мүгедектігі бар баланы еденде сүйреген қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.