Қостанайдағы бес баланың өлімі: Облыс әкімі Жітіқараға барып, жиналыс өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды. Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеруді тапсырған.

Сондай-ақ, әкім балалардың туыстарына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Оған қоса, психологтардың аталған отбасымен жұмыс істеп жатқаны, оларға уақытша баспана берілгені және материалдық қолдау көрсетілетіні анықталды.
Еске сала кетсек, бүгін Қостанай облысында жер үйде бес бала өртеніп кетті. Қайғылы оқиға таңертең болған. Жітіқараның жеке секторында үй өртеніп кетті, онда қараусыз қалған бес бала бар еді. Олардың денелерін өрт сөндірушілер тапты. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.