Қостанайдағы атышулы суши-бар жабылуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайдағы атышулы суши-бар жабылуы ықтимал. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

Қостанайдағы атышулы суши-бар жабылуы ықтимал

«Тамақтан жаппай улану оқиғасы Қостанай облысында суши-барда орын алған болатын. Бірсыпыра адам сол жерден тамақтанғаннан кейін, ауруханаға түскен. Бұл жерде тиісінше қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде оны жабуға талап қойып отырмыз. Ең соңында оған сот шешім шығарады», - деп атап өтті Б.Қуандықов.

Еске сала кетейік, сәуір айының орта тұсында Қостанайда суши-барда тамақтанған 13 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын. Қазіргі уақытта суши-бар суық су жоқ деген желеумен жабылып қалған.