Қостанайдағы халықаралық әуежай жөндеуге жабылады
Ақпаратты облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы таратты.
«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әуежай 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 15 қыркүйегіне дейін жабылады. Осыған байланысты кәсіпкерлік басқармасы туристік компанияларға ресми хат жіберді. Осы аралықта Қостанайдан ұшып шығу үшін әуе билеттерін сатып алғандарға тасымалдаушыларға жүгінгені жөн екенін ескерттік», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Айта кету керек, алдағы жөндеу жұмыстары туралы өткен жылдың соңында хабарланды. Әуежай 2018 жылдың қыркүйек айына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің балансында тіркелді. Аталған нысан жақында республикалық меншік тізімінен алынып тасталып, коммуналдық меншікке өтті.
Біз бұған дейін Қостанайдың халықаралық әуежайында жаңа рейстер ашылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.