Қостанайдағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы кеңейеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -Қостанайдағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы кеңейеді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту үшін 4,6 млрд теңге қажет. Жоба бойынша жолақтың ұзындығын 300 метрге ұлғайту қарастырылған.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әуе айлағының ұшу бағытын артады. Сондай-ақ, әуежай көлемді жүк борттарын жеткізіп, қабылдай алатын мүмкіндікке ие болады. Жаңа бағыттар ашуға да мүмкіндік алдық. Енді жазда ғана емес, қыс айларында да «Қостанай-Ганновер(Германия)» бағытында ұшуға болады. Бұл туралы Air Astana компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Осы әуе жолының ашылуы қостанайлықтар үшін жақсы жаңалық болары сөзсіз, - деді Б.Есенғұлов.

Басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақытта Шымкент-Қостанай-Екатеринбург рейсі ашылады. SCAT Airlines әуе компаниясымен келісім жасалып жатыр. Сонымен қатар, қостанайлықтар Ақтөбе мен Атырауға тікелей ұшуы мүмкін. Себебі, аталған бағыттарға халықтың сұранысы жоғары.

Айта кетейік, әуежай қыркүйек айына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің балансында болып келді. Аталған нысан жақында республикалық меншік тізімінен алынып тасталып, коммуналдық меншікке өтті. 

Айта кетейік, халықаралық әуежай Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Бір жыл ішіндегі рейс саны - 1700. Жеткізілетін жүк пен поштаның көлемі - 250 тоннадан астам.

Соңғы жаңалықтар