Қостанайдағы КамАз бен локомотивтің соқтығысуына кім кінәлі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер КамАз көлігі мен локомотивтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайдағы КамАз бен локомотивтің соқтығысуына кім кінәлі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Қостанайдағы филиалына тиесілі локомотив КамАз жүк көлігімен соқтығысқан.

«Оқиға «Жітіқара-Пригородный» теміржол бағытында болды. КамАз жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігіне көз жеткізбей, рельс үстінде келе жатқан локомотивке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ» , - деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Аталған факт бойынша КамАз жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.