Қостанайдағы қазақ-түрік лицейі оқушыларының улану себебі анықталды
«Өздеріңіз де білетіндей, мектеп-интернатта тұратын лицейдің 18 оқушысы уланып, ауруханаға түскен болатын. Қазіргі уақытта біз оның себебін білеміз. Ротовирус пен стафилококк анықталды. Яғни, екі стафилокок қоздырғышы тамақ дайындау бөлімінде жұмыс істейтін аспаз бен техникалық жұмысшыдан табылды. Аспаз аталған вирусты тасымалдаушы», - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта демалыс болғандықтан мектеп жабылды.
«Онда алдын алу шараларының барлық түрі жүргізілуде. Қазіргі уақытта біз қоздырушы мен тасымалдаушыны анықтап, барлық шараларды атқарудамыз», - деді Ж.Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, 24 желтоқсан күні Қостанай қаласындағы ауруханаға қазақ-түрік лицейінің 20 оқушысы түскен болатын. Олардың 18-і улану күдігімен ауруханаға жатқызылған еді.