Қостанайдағы құрғақшылық дәнді дақылдардың өсуіне кедергі жасап отыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында егіс алқаптарын әртараптандыру мен майлы дақылдардың үлесін арттыруға көңіл бөлінбек. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов журналистермен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінен 79,8 млрд теңге пайда түскен. Енді егіс алқаптарын әртараптандыру, майлы дақылдардың үлесін арттыруға көңіл бөлінеді. Мәселен, дәнді дақылдардың, оның ішінде бидайдың төмендеуі есебінен майлы дақылдардың көлемін ұлғайту жұмыстары басталады.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 5 млн гектарға құрайды.Оның ішінде дәнді-бұршақты дақылдар 3 млн 968 мың гектар алқапқа егілген. Бүгінде майлы дақылдар көлемі 510 мың га дейін ұлғайды. Тұқым шаруашылығын дамытудың жаңа ережелерін ережелері енгізілгеннен кейін себілетін тұқымдардың сапасы айтарлықтай артты. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 223 мың тонна бірегей, элиталық және бірінші көбейтілген тұқымдарды сатып алды», - деп мәлімет берді Жансұлтан Тәукенов.

Өңірде жем-шөп дақылдарының көлемі 562 мың гектарға жетті. Сонымен қатар, 9,3 мың га картоп, 2,4 мың га көкөніс, 290,5 гектарға бақша дақылдары егілді. Көктемгі егіс жұмыстары үшін облыстың ауыл шаруашылығы мамандары «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының қаржы институттары арқылы 14,2 млрд теңге несие алды.

«Биыл жерді ұтымды пайдалану талаптарын сақтап, 44 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алдық. Бұл өткен жылдың көлемінен 2 есеге артық. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтап қалмайды. Алқаптарға тыңайтқыш себу де жалғасады. 3,4 млн гектар жерде арамшөптерге, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді», - деді басқарма басшысы.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін биылғы ауа райы қолайлы болмай тұр. Құрғақшылық дәнді-дақылдардың өсуіне айтарлықтай кедергі. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандарындағы егіннің шығымына әсер еткен.

Жансұлтан Тәукеновтің сөзінше, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген баға бойынша 75 мың тонна дизель отыны бөлінді. 1 литрдің құны - 187 теңгеден аспайды.

Соңғы жаңалықтар