Қостанайдағы мектептердің бірінің ауласында қауіпті зат табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы орта мектептердің бірінің ауласынан түтіндік   құты табылды,

Қостанайдағы мектептердің бірінің ауласында қауіпті зат табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ол бейсенбі, желтоқсанның 10-ы күні сағат 19.55-те Баймағамбетов және Досжанов көшелерінің қиылысында орналасқан №12 орта мектептің ауласында табылды.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, зат қоршағандарға еш қауіп төндірмейді және оны табылған орнынан Ішкі істер департаментінің қызметкерлері алды.