Қостанайдағы өрт: Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті. Бұл жайында ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалыптасқан жағдайдың салдарымен кешегі тәулікте Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері де, жергілікті әкімдік құрылымдары да белсенді күресті. «Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясының жергілікті бөлімшесі де үлкен көмек көрсетті. Өйткені Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында жарылыс қаупі болған еді. Өрт сөндіргіш пойыздардың іске араласуымен жалын таралмай қалды. Онда жағдай әлдеқайда қайғылы болар еді»,- деді Юрий Ильн.

Сондай-ақ, ол өрттің тұрғындарға келтірген зияны есептелетінін айтты.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өрттен зардап шеккендердің шығыны бағаланады. Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берді. Қазір халықтың табиғи апаттан көрген шығынын өтеуге қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазіргі таңда ең көп зардап шеккен Аманқарағай елді мекені болып отыр. Өрт жойған 98 үй бар мұнда. Сондай-ақ, Озерное елді мекенінде 8 үй, Лесное елді мекенінде 1 үй өртеніп кетті. Сондықтан бұл бағытта жұмылдырылған күштер өрттің аталған елді мекендерде әрі қарай таралмауына жұмыс істейді. Ондағы тұрғындар уақытша паналау орындарына жеткізілген. Олардың бір бөлігі туысқандарын паналап кетті. Уақ ы тша көшетін жері жоқ тұрғындар паналау орындарында жатыр. Оларды тамақтандыру, медициналық көмек көрсету, психолоигялық көмек қызметтері ұйымдастырылды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар