19:32, 01 Қараша 2017 | GMT +5
Қостанайдағы теміржол вокзалы қоршауға алынды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер Қостанайдағы теміржол вокзалын қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, вокзалда жарылғыш заттың болуы мүмкін деген хабар тараған. Тәртіп сақшылары ғимарат ішіндегі адамдары сыртқа шығарып, қоршауға алған. Барлық бағыттағы пойыздардың кешігіп қозғалатыны туралы айтылуда.
Бұл ақпарат туралы құзырлы органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
«Полицейлер тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Жағдай бақылауда болады», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.