Қостанайдағы түрме басшысының орынбасары танысын заңсыз жұмыс қабылдаған
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы № 2 қалалық сотында қызметін асыра пайдаланған УК 161/2 жазасын өтеушілер мекемесі бастығының орынбасары И.Каркавинаға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс деректерінде көрсетілгендей, 2015 жылы 20 сәуірде түрме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары И.Каркавина бірге тұратын адамын құжат бойынша жұмысқа жүргізуші ретінде қабылдаған. Бірақ, жұмысқа қабылданған «қызметкер» бір рет те мекемеге келмеген. И.Каркавина мекеменің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторына күнделікті жұмыстардың орындалғаны туралы журналға белгілеп отыруды тапсырады. Бұған қоса ол жалған жүргізушіге жол парақтары және бензин талондарын бергізген.
Осылайша, бастық орынбасарының танысы 2 жыл бойы жазасын өтеушілер мекемесінде «жұмыс» атқарған. Айыпталушы И.Каркавина осы уақыт аралығында 2 440 литр жанар-жағармай ұрлаған. Бұл 280 мың теңгеге тең. Сонымен қатар 2 жыл бойы 1,5 млн теңге танысының жалақысынан пайда тапқан.
Сот отырысында И.Каркавина өз кінәсін толығымен мойындады процессуальдық келісім жасауға ұсыным жасады.