Қостанайды қар басып қалды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ауа райы 10-15 градус жылы болғанымен, қалың қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала тұрғындары жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр.
Қазгидромет орталығы Қостанай облысындағы филиалының мамандары сәуір айындағы қардың жаууын қалыпты құбылыс деп отыр. Қала іргесіндегі ауылдардағы қар қалыңдығы 2 сантиметрге дейін жеткен.
Сондай-ақ, синоптиктер осы аптаның соңына дейін облыстың кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде сынап бағанасы -1-6 градусқа төмендеуі мүмкін.
Айта кетейік, кеше Қостанайда санитарлық тазалық айлығы басталды.