13:21, 05 Қараша 2017 | GMT +5
Қостанайдың 26 жастағы тұрғыны бесінші қабаттан құлап кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 26 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 қараша күні облыс орталығында болды.
«26 жастағы әйел сағат 00.20 шамасында Қостанайдағы Строительная көшесіндегі үйдің 5 қабатындағы балконнан секірген. Ол бірнеше ауыр дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
5-қабаттан құлап кеткен тұрғын травматология бөліміне көшірілді. Жағдайы бірқалыпты.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 105-бабымен («Кісі өліміне дейін жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.