Қостанайдың бас полицейі халықпен әлеуметтік желі арқылы тілдеседі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Фейсбуктен парақша ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдың бас полицейі халықпен әлеуметтік желі арқылы тілдеседі

«Қымбатты достар! Мен Фейсбук әлеуметтік желісінен өзімнің жеке парақшамды аштым. Бұл - сіздермен кері байланыс орнатудың бірден-бір жолы деп білемін. Барлық сауалдар мен өтініштерді жеке қарап, шешім қабылдайтын боламын. Дәл осындай тікелей байланыс арқылы полиция жұмысы ашық әрі жандана түсетіні сөзсіз», - деп жазды генерал жеке парақшасында.

Сондай-ақ, Бекет Аймағамбетов өзінің күнделікті жұмысы жайында және маңызды оқиғаларға қатысты жеке пікірін білдіріп отыратынын жеткізді. Ол жұртшылықты ашық әңгіме алаңына шақырды.