Қостанайдың басты мұражайы күрделі жөндеуден өтті

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайын жаңарту аяқталды. Ғимаратты жөндеуге  жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге бөлінді.

Қостанайдың басты мұражайы күрделі жөндеуден өтті

Мұражай директоры Үміт Әкімбаеваның айтуынша, шатыры жөнделген, инженерлік коммуникациялар ауыстырылған. Кешеннің көрме залы да ішінара жаңартылды. Қолда бар 12 залға тағы екеуі қосылды.

Облыстық мәдениет басқармасының директоры Сәуле Бурбаева мұражай осы күнді ұзақ жылдар бойы күткенін хабарлады. Ендігі жерде қоймада жатқан көптеген қызықты экспонаттарды шығарудың мүмкіндігі туды. Олардың бір бөлігі ашық аспан астындағы мұражай ретінде жабдықталған ішкі аулаға орналастырылады.