Қостанайдың бұрынғы әкімі қоныстану колониясына ауыстырылды
Белгілі болғандай, Қостанай облысының әкімі 18 маусым күні көшірілген.
«Егер 3 айдың көлемінде сотталушы Ахметжановтың тәртібі түзу болса, арнайы комиссия оған тәртіп түрінің 1-інші оң деңгейін береді. Олай болған жағдайда демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үйіне бара алады. Алайда түнеу үшін қоныстану колониясына қайтып келуі тиіс», - деді ҚАЖД өкілдері.
Еске салайық, Ахметжанов 2015 жылдың 8 қыркүйегінде әкім лауазымынан босатылды. Ол сол күні ҚР ҚК-нің 307-бабы 4-бөлігі (қызмет лауазымын асыра пайдалану) бойынша күдікті деп танылып, оны облыстың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары ұстады. 2016 жылдың сәуір айында Қостанайдың бұрынғы әкімі 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кейін Жоғарғы сот жаза мерзімін 13 жылдан 6 жылға қысқартты.
2018 жылдың мамыр айында А.Ахметжанов Қостанай облысындағы қоныстану колониясына көшірілетіні белгілі болды.