11:38, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанайдың қаржы полициясы миллиондаған доллар контрабандаға қатысты істі тексерді
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті 2 миллион 195 мың доллар мен 105 мың еуро заңсыз алып шығуға әрекеттенгені үшін айыпталып отырған жергілікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық істер қозғады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпкер осыншама соманы қазақстандық шекарада декларацияламастан 2005-2007 жылдар аралығында Ресейге еш кедергісіз өз автокөлігімін алып өткен. Департаменттің баспасөз хатшысы Әсел Бектемісованың айтуынша, күдіктінің кінәсі Ресей кедендік органдарынан алынған деректі мәліметтер негізінде анықталып отыр, қылмыскер көрші елге кірерде валютаны декларацияламаған. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша алдын-ала тексеру аяқталды. Іс Қарабалық ауданы прокурорының алдында жатыр, прокурор істі сотқа жібереді.