Қостанайдың көпқабатты үйінің терезесінен құлаған бала жансақтау бөліміне жатқызылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда, «Жаңа қала» тұрғын шағынауданында жас бала 4-ші қабаттан жерге құлап кетті.

Қостанайдың көпқабатты үйінің терезесінен құлаған бала жансақтау бөліміне жатқызылды

Сегіз жасар бала москиттік сеткадан ұстап, терезеден құлаған. Бала шұғыл түрде Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр халде, деп санап отыр.

Аурухананың бас дәрігері Фазылбек Темірхановтың айтуынша, бала ауыр жағдайда жеткізілді және интенсивтік терапия бөліміне орналастырылды, оны құтқару үшін дәрігерлер қажетті шаралардың бәрін қолға алуда.