Қостанайдың орталығында болған төбелестің қатысушылары көшеде орнатылған бейнекамералар арқылы ұсталды
ҚОСТАНАЙ. 24 шілде. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында бейнекамера арқылы қылмыстың беті ашылды: жедел басқару орталығының полиция инспекторлары қатігез төбелестің фактісін анықтады.
Бұл төбелес оқиғасы кеше Қостанайдың орталығында орнасқан «Март» сауда орталығының аумағында болды. Оған шамамен 10 адам қатысты. Бейнекамера жерде жатқан жас жігітті бір топ қыз-жігіттер қатігездікпен ұрып жатқандығын түсіріп алған.
Оқиға орнына полиция наряды жіберілді. Анықталғандай, дәмханада 26 жасар жігіттердің арасында келіспеушілік орнаған. Олар оқиғаның мән-жайын «анықтау» мақсатында далаға шыққан. Дау-дамайдың басында болған төбелесқорлардың бірі бөтелкені сындырып тастап, жәбірленуші жас жігіттің бетін тіліп жіберген.
Қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне төбелестің екі қатысушысы - біреуі бетінің кесілуімен, екіншісі кеуде тұсындағы кесілген жарақпен, сондай-ақ тағы да бір төбелестің қатысушысы еңбегінің жарақаттанумен, бас-сүйек ми зақымы және мидің шайқалу белгісімен жеткізілген. Тексеру амалдары жүргізілуде.
6 ай ішінде бейнебақылау камералары арқылы 13 274 құқықбұзушылық және қылмыстың құрамы бар 34 факті анықталды.