Қостанайдың «Тобылы» шетелдік екі футболшымен еңбек шартын үзді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – «Тобыл» футбол клубы шетелдік екі легионермен келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қостанайдың «Тобылы» шетелдік екі футболшымен еңбек шартын үзді

Еуропадағы дарынды жас футболшылардың бірі саналатын Лука Зарандия Қостанайға жаңа маусымның басында келген болатын. Енді грузиялық жартылай қорғаушыны жалға алу келісімінің мерзімі аяқталды. Қостанай клубының құрамында Лука Зарандия екі матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

«Тобыл» футбол клубының басшылығы мен қорғаушы Стивен Эзе өзара келісім бойынша еңбек шартын бұзды. Нигерия ойыншысы қостанайлықтарға маусым алдындағы жиындарда қосылды. Бақылау кездесулерінің бірінде алған жарақатына байланысты Стивен «Тобыл» жейдесінде ресми матч өткізбеді. Маусым айының соңында Эзе Түркияда ота жасатты, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда», - делінген «Тобылдың» ресми сайтындағы ақпаратта.