Қостанайдың жұмыс берушілері кадрларды іріктеудің әдістемесін талқылады
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету қауымдастығы білікті кадрларға қол жеткізуге ниет танытқан жұмыс берушілерге арналған семинар өткізді.
Қауымдастықтың атқарушы директоры Петр Сухининнің түсіндіруінше, кадрларды іріктеудің негізгі әдістемесі лауазымға үміткердің түйіндемесін зерттеуге негізделген.
Алайда түйіндеме мазмұны барынша субъективті болып келеді. Түптеп келгенде өзіне қажетті кадрды таңдай алмаған жұмыс беруші нәтижесіз іздеу шараларына уақыты мен ақшасын босқа шығындайды, ал құнды кадрлар бәсекелестерге кетеді.
Қостанайда өткен семинардың қатысушылары - шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ кәсіпорындардағы кадр бөлімдерінің басшылары - нәтижесінде бос орындарға үміт білдірушілермен жұмыс істеуге арналған барынша дәл бағалау талаптарын әзірледі.