Қостанайлық өрт сөндірушілер 27 литрден 3 газ баллонын эвакуациялады

Қостанай
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - «Бағбан-Құрылысшы» бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

ТЖД күшімен 27 литрден 3 газ баллоны эвакуацияланды. 

Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17.21-де толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деп болжанып отыр.

Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамның 8 адамы 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар