Қостанайлық ардагерлерді шеруге шығарып салды
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін қостанайлық теміржол вокзалының перронында Астана мен Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысатын ардагерлерді шығарып салу рәсімі болды.
Ардагерлерді шығарып салу салтанатты түрде өтті, перронда үрмелі әскери оркестр өткен ғасырдың 40-шы жылдарының әуендері мен марштарын ойнады.
Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін Жеңіс шеруіне аттанған қазақстандық делегацияның қатарында Қостанай облысынан соғысқа қатысқан Молдағали Жүнісбеков пен Таш Зілбаев бар. Астанадағы салтанатты шеруге қостанайлық ардагерлер Михаил Подоляков, Надежда Афанасьева, Шайқамал Құлпейісов, Нина Лобач ,Қазбек Әлжапаров, Петр Задорожный, Иван Олейников, Иван Коваленко, Юрий Григорьев, Яков Жүсіпов, Михаил Веремеенко қатысады.
Қазақстандық соғыс ардагерлерін бірыңғай үлгідегі киім - костюм, «Қазақстан» деген жазуы бар көк түсті берет және галстук ерекшелендіріп тұрады.