20:44, 24 Ақпан 2012 | GMT +5
Қостанайлық аяқдопшылар орынборлық құрдастарынан 2:1 есебімен басым түсті
АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тобыл» футбол клубы 2-жолдастық кездесуін өткізді.

Бұған дейін Украинаның Донецк қаласының «Шахтерін» 5:1 есебімен ойсырата ұтқан қостанайлықтар бұл жолы Орынбордың «Газовик» командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Вячеслав Грозный жаттықтыратын «Тобыл» сапынан аталмыш кездесуде жартылай қорғаушылардан Нұрбол Жұмасқалиев пен Сергей Костюк мергендігімен танылды. Қостанайлықтар енді 27 ақпанда «Машъал» командасымен күш сынаспақ. Мубарек қаласының бұл командасы Өзбекстан чемпионатының Жоғарғы лигасында былтыр 5-орын алған болатын.