Қостанайлық әйел медициналық көмексіз үйде босанып қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 34 жастағы әйел сәбиін өлі туды. Ол аяғы ауырлар тізіміне алынбаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық әйел медициналық көмексіз үйде босанып қалды

Оқиға Таран ауданында болған. 34 жастағы әйел медициналық көмексіз сәбиін өзі туған. Алайда, шарананы құтқарып қала алмаған. Ведомствода мәлім етілгендей, сот-медициналық сараптамасы сәбидің өлі туғанын анықтады. 

Ол жергілікті аудандағы аяғы ауырлар тізіміне алынбаған. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.