Қостанайлық әйелге тәрбиешіні балағаттағаны үшін 16 мың теңге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қаңтарда Қостанайда оқушының анасы мен мектептегі дайындық тобы тәрбиешісінің арасында жанжал туындады. Тәрбиешіні балағаттағаны үшін оқушының анасына 16 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады alau.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінде Қостанай мамандандырылған әкімшілік соты 33 жастағы тұрғынды «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартқанын хабарлады. Сот оны 30 қаңтарда сағат 13.00-де мектепте оқушының анасы тәрбиешіні балағаттаған.
Сот қаулысымен әйел әкімшілік жазаға тартылды.