Қостанайлық дәрігерді өлтірген қылмыскер Башқұртстанда болуы мүмкін

Марқұмның туыстарының болжауынша, қылмыскер Башқұртстанда жасырынуы мүмкін. Қайғылы оқиға ақпан айында Қазақстанда болған еді.
59 жастағы марқұм әйелдің туыстары Башқұрстан халқынан көмек сұрауда. Олардың болжамынша, күдікті Башқұртстанда жасырынуы мүмкін.
Еске сала кетсек, 20 ақпан күні танымал дәрігер, облыстық психиатриялық диспансердің бұрынғы бас басшысы Рашида Сандыбаеваның қатыгездікпен өлтіріп кетті. Қылмыс жасауда күдікті ретінде екі адам анықталды, кейінірек психоневрологиялық диспансер бөлімінің меңгерушісі, 45 жастағы Зәуреш Изалдина ұсталды. Кісі өлтіру тапсырысын орындаған Руслан Гафаровқа іздеу жарияланды.
Бұған дейін күдікті Изалдинаның өзін 2 айға қамау туралы шешім жөнінде шағым түсіруге әрекеттенгені хабарланған еді.
Айта кетерлігі, Рашида Сандыбаева ұзақ уақыт бойы Қостанай облыстық психиатриялық диспансердің бас дәрігері болып қызмет еткен.