Қостанайлық дәрігерлер прокурорлардың арқасында 25 млн. теңге жәрдемақы алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұзынкөл аудандық ауруханасының қызметкерлері прокурорлық тексерістен кейін өткен жылдардағы сауықтыру жәрдемақыларын алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

2014-2015 жылғы 164 медицина қызметкерінің төленбеген сауықтыру жәрдемақыларының сомасы 25 млн-нан астам теңгені құраған. Бақылау органы бұл мәселені аурухана қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарының тапталуы деп бағалап, мекеме басшылығынан жағдайды қалпына келтіруді талап етті.

«Ұзынкөл ОАА» МҚК қызметкерлері Қостанай облыстық прокуратурасына алғыс хат жіберді, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Алма Нұрсейітова. - Дәрігерлер Ұзынкөл аудандық прокуратура қызметкерлерінің әлеуметтік құқық қорғау мәселелері бойынша тексеріс жүргізудегі кәсібилігіне жоғары баға берді».

Ағымдағы жылы жалпы Ұзынкөл аудандық прокуратурасы 1792 адамның конституциялық құқығын қорғап, соның ішінде еңбекақыны төлету бойынша 81 миллионнан астам теңгені өндіріп берген.  

Соңғы жаңалықтар