11:56, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қостанайлық диқандар астық алқаптарының жартысынан астамын жинады
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында астық алқаптарының 2 миллион гектарынан астамы жинап алынды.
Барлығы ағымдағы жылы 4 млн. 210 мың гектар аумаққа бидай егілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің мәліметі бойынша, ауыл шаруашылығы құрылымдары екі миллион тонна бидай бастырды. Таяудағы бір жарым апта ішінде орақ науқаны негізінен аяқталады деп жоспарлануда.