Қостанайлық диқандар төрт жыл қатарынан жалпы астық жинаудың рекордтық көрсеткішіне жетіп отыр
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда астық жинау науқанының аяқталғаны туралы ресми жарияланды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасының бастығы Бағитұр Дәндібаев мәлімдеді.
Орақ-2009-дың қорытындыларына арналған арнайы баспасөз мәслихатында Б.Дәндібаев қостанайлық диқандардың 5 млн. 420 мың тонна астық жинағанын хабарлады.
«Қостанайлықтарға ауа райының маусым және шілде айларында барынша қолайсыз болғанына қарамай, мұндай көрсеткіш - үлкен жеңіс», - деді Б.Дәндібаев. Қостанайлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жалпы астық бастырудың 5 миллиондық межесіне қол жеткізіп келеді.
Алайда астық өткізуде айтарлықтай проблемалар да бар - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ диқандардан астықты сатып алуға асығар емес, осының салдарынан оның құны бірден төмендеп кетті. Бүгінгі күні диқандар астықты барынша төмен бағалармен - тоннасын 18-19 мың теңгемен диірмендерге және нан комбинаттарына тапсыруға мәжбүр болып отыр. «Үкіметтік селекторлық кеңесте Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин осы проблеманы көтерді және оны тез арада шешуге шақырды», - деді Б.Дәндібаев.