Қостанайлық кәсіпорын жұмысшыларына бір жарым жылдан бері жалақы төлемеген
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы кәсіпорындрының бірінің жұмысшыларына жұмыс беруші ірі сомадағы ақшаға қарыз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жекеменшік сот орындаушылары аймақтық палатасына сілтеме жасап.
Жұмыскерлер 20 миллион теңге көлемінде төленбей қалған еңбекақысын тек жеке сот орындаушыларының көмегіне жүгініп қана алған.
«Ақшасын ала алмай жүрген 4 қызметкер бар еді. Олар аймақтағы ЖШС-нің бірінде жұмыс істеп жатыр. Еңбекақысын 2019 жылдың қыркүйегінен бері алған жоқ. Іске сот орындаушысы Иван Цымбал кірісіп, ҚР «Атқарушы өндірісі және сот орындаушыларының статусы туралы» Заңымен қарастырылған барлық шараларды қолданды», - деп мәлімдеді аймақтық палатадан.
Сонымен қатар, борышкердің мүлігін сату мәселесі де көтерілді, алайда борышкер мен өндіріп алушылар түйткілді атқарушы өндіріс кезінде бейбіт жолмен шешті.