Қостанайлық мекеме бұзылған кәріз үшін қомақты айыппұл төлейді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай-Су» коммуналдық мекемесіне тиесілі кәріз желісі бұзылып, жергілікті учаскелердің біріне айтарлықтай шығын келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қостанай-Су» мекемесінің баспасөз хатшысы Майя Ақбасованың сөзіне қарағанда, 12 маусым күні учаскелердің бірінде апаттық жағдай тіркелген. 

«Апат орын алған учаскедегі ағаштарды кесуге рұқсат алып, техникаларды жеткізгенше кәріз желісі бұзылып, 5 текше метрден астам аумақ бүлінді. Апат орны бірден ретке келтірілді. Аумақты тазарту үшін хлорлы әк пайдаланылды. Әбілсай сайына түскен канализациялық ағындар Тобыл өзеніне жетпеді»,-деді  М. Ақбасова агенттік тілшісіне.

Дегенмен, учаскеге келтірілген залал үшін мекеме 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді. Қазіргі уақытта темірмен қапталған ескі құбыр желісі болаттан жасалған құбырға ауыстырылды. Әзірге бұл аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.

Соңғы жаңалықтар