Қостанайлық оқушы құлаған үй қабырғасының астында қалып қойды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қарабалық ауданында бұзылып жатқан үйдің бір қабырғасы құлап, астында бала қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық оқушы құлаған үй қабырғасының астында қалып қойды

Ақпаратты аудандық білім бөлімінің жетекшісі Дилнара Сапанова растады. Оқиға 8 шілде күні Шадысаев ауылында болған.

«Балалар бұзылған үйдің маңында ойнап жүрген. Өздерінің велосипедтерін үй қабырғасына тіреп қойған. Үйлеріне қайтпақ болған балалар терезе жақтауында демалып отырады. Сол сәтте қабырға құлап кеткен», - деді Дилнара Сапанова.

Құлаған қабырғаның астында Талғат Бекбаев есімді оқушы қалып қойған. Бір айта кетерлігі, бұзылған үй жәбірленуші оқушының ата-анасына тиесілі болған.

Қазіргі уақытта Талғат Бекбаев облыстық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты.