Қостанайлық полицей 2 баланы өрттен құтқарып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласы жергілікті полиция қызметінің аға лейтенанты Айдос Құлымбетов екі баланы өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің аға лейтенанты Айдос Құлымбетов әдеттегідей № 1 учаскелік бекетке келе жатқан. Полиция бекеті Ленин көшесіндегі үйдің 4-қабатында орналасқан.

«Аға лейтенант 3-қабаттан шыққан түтінді байқайды. Оқиғаны жедел бағамдай білген Айдос Құлымбетов тез арада Рудный қаласы ІІБ жедел басқармасына және өрт сөндірушілерге хабарласқан», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

А.Құлымбетов өрт сөндірушілер келгенше 3-қабатқа көтерілді. Ол түтін шыққан пәтерге кіріп, әбден үрейленіп қалған 12 және 14 жасар екі баланы көреді. Учаскелік инспектор балаларды сыртқа шығарып, басқа тұрғындарды да оқшау жерге көшіруге көмектесті.

Айдос Құлымбетов полиция қызметіне 2015 жылы қабылданған. Қазіргі уақытта Рудный қалалық ІІБ балаларды өрттен құтқарған қызметкерді марапатқа ұсынды.

Соңғы жаңалықтар