Қостанайлық полицей мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі, сержант Нұрсұлтан Атығай мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық полицей мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып қалды

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі, сержант Нұрсұлтан Атығай «Сергеев су қоймасы» күзетілетін объектісін тексеру кезінде суға батып бара жатқан ер адамды байқайды. Ол жалма-жан балықшыны құтқаруға жүгірген.

«Полиция қызметкерінің батыл іс-әрекетінің арқасында 66 жастағы зейнеткер Гавриил Ким құтқарылды. Рудный тұрғыны таңертең балық аулауға келген. Өзеннің қарсы бетіне өтетін кезде мұз жарылып кеткен. Гавриил Сергеевич өз еркімен шығуға талпынып қанша тырмысқанымен, қолынан келмеді», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Балықшы полицейге көмегі үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жанқиярлық әрекетке барған полиция сержантын марапаттауды жоспарлап отыр.

null