Қостанайлық полицейлер ірі есірткі партиясын тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 20 қазанда сауда үйлердің бірінің көлік тұрағында қаланың 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Жігіттерден ерекше иісі бар сарғыш түсті зат тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайлық полицейлер ірі есірткі партиясын тәркіледі

«Сараптамаға сәйкес аталған зат синтетикалық есірткі заты болып шықты. Жалпы салмағы 496,6 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Күдіктілер, болжам бойынша, оны одан әрі тарату мақсатында сақтаған. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалуда», - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі Лев Квасенко.




Фото: polisia.kz